"Самұрық-Энерго" АҚ KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, SNRGb1) облигациялары биржада "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

09.11.12 17:43
/KASE, 09.11.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 09 қарашасындағы шешімімен "Самұрық- Энерго" АҚ (Астана) KZ2C0Y03E334 (KZ2C00001873, 1 000 теңге; 3,0 млрд теңге; 3 жыл, жарты жылдық купон жылдық 9,50 %, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. "Самұрық-Энерго" АҚ аталған облигациялар бойынша андеррайтер және қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) болып табылады. "Самұрық-Энерго" АҚ тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға SNRGb1 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2012-11-09]