/ҚАЙТАЛАУ/ "HALYK FINANCE" АҚ ЖОСПАРЛАНҒАН "ҚАЗАҚСТАН ДАМУ БАНКІ" АҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ШЕГІНДЕ 16 ҚАРАША КҮНІ ПРЕЗЕНТАЦИЯ ӨТКІЗЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

09.11.12 14:17
/KASE, 09.11.12, 08.11.12 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын, "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Finance" АҚ), биржаға жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУМАҒЫНАН ТЫС ЖЕРДЕ(АТАП АЙТҚАНДА АҚШ, АВСТРАЛИЯ, КАНАДА НЕМЕСЕ ЖАПОНИЯ АУМАҚТАРЫНДА ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ КӨПШІЛІККЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН) ТАРАТЫЛУҒА АРНАЛМАҒАН. АО "Банк Развития Казахстана", рейтингтері BBB+ (Standard & Poor’s) /BBB- (Fitch) /Baa3 (Moody’s), J.P.Morgan, VTB Capital және "Halyk Finance" АҚ Бірлескен Жетекші Менеджерлер мен Букраннерлер ретінде халықаралық және қазақстандық әлеуетті инвесторлармен кездесулер ұйымдастыруды тапсырды. 2012 жылдың 16 қарашасынан басталатын кездесулер, көлемі 2 миллиард АҚШ долларын құрайтын қолданыстағы орта мерзімдік Жаһандық Облигацияларды шығару бойынша Бағдарламасы шегінде өзінің Еурооблигацияларын болжамды орналастыруына байланысты, нарықтық жағдайлар мен 2012 жылдың 05 қарашасында жарияланған көлемі 777 000 000 АҚШ долларын құрайтын, купондық мөлшерлемесі 5,50% және өтеу мерзімі 2015 жылы, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ Облигацияларының номиналды құнынан 500 000 000 АҚШ долларына дейін кері сатып алуға Тендердің аяқталуына қарай, өткізілмек. "Halyk Finance" АҚ Қазақстан аумағындағы роудшоу шегінде әлеуетті қазақстандық инвесторларға арналған презентация өткізетіні туралы хабарлайды, осы іс-шара 2012 жылдың 16 қарашасында Алматы қ. Алматы уақытымен 15.00-де, Абай д-лы, 109 "В", 1-ші қабат, 10 блок мекен-жайында орналасқан, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ғимаратында болып өтеді. Барлық сұрақтар бойынша және қосымша ақпараттар алу үшін "Halyk Finance" АҚ мынадай өкілдеріне хабарласуларыңызғы болады: Фархад Охонов, тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: FarhadO@halykbank.kz Олег Хван, тел. 8 (727) 330-01-52, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: OlegH@halykbank.kz Жанар Алтыбаева, тел. 8 (727) 330-66-14, факс 8 (727) 259-05-93, e-mail: ZhanarA4@halykbank.kz Осы ақпараттық хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1178371 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-11-09]