"Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) үш заемді өтегені және заем мөлшерін ұлғайту туралы келісімге келгені туралы хабарлады

09.11.12 12:42
/KASE, 09.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы"АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында былай деп мәлімдеді: "Азық-түтүлік корпорациясы" ҰК" АҚ (бұдан әрі – Корпорация) мынадай заемдарды өтегені туралы хабарлайды: 2012 жылдың 25 қазанында "Альфа-Банк" АҚ ЕБ, сомасы 750 млн. теңге, 28.04.12 жылғы #65.1000/2010/5 Банк қарызы туралы келісім-шарты бойынша. 2012 жылдың 01 қарашасында "Қазинвестбанк" АҚ, сомасы 1,3 млрд.теңге, 11.12.11 жылғы #FCA-31-2011 Қысқа мерзімі заемдар туралы Бас келісімі бойынша және, сомасы 740 млн.теңге, "Позитивбанк" АҚ 15.12.11 жылғы #1-11/008-040 Банк қарызы туралы келісім-шарты бойынша. Сондай-ақ, 2012 жылдың 30 қазанында Корпорация "КазАгро" Холдинг" акционерлік қоғамымен жасалған, сомасы 11 788 898 943 теңге, 2012 жылдың 30 қаңтарындағы # 10 Заем туралы келісім-шарты бойынша заем сомасын ұлғайту туралы қосымша келісім-шартын жасасқаны туралы хабарлайды Келісім-шарт бойынша заемнің жалпы сомасы 50 788 898 943 теңгені құрады. [2012-11-09]