"Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) үш заемді өтегені және заем мөлшерін ұлғайту туралы келісімге келгені туралы хабарлады
09.11.12 12:42
/KASE, 09.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы"
Ұлттық компаниясы"АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында былай
деп мәлімдеді:
"Азық-түтүлік корпорациясы" ҰК" АҚ (бұдан әрі – Корпорация) мынадай
заемдарды өтегені туралы хабарлайды:
2012 жылдың 25 қазанында "Альфа-Банк" АҚ ЕБ, сомасы 750 млн. теңге,
28.04.12 жылғы #65.1000/2010/5 Банк қарызы туралы келісім-шарты
бойынша.
2012 жылдың 01 қарашасында "Қазинвестбанк" АҚ, сомасы 1,3 млрд.теңге,
11.12.11 жылғы #FCA-31-2011 Қысқа мерзімі заемдар туралы Бас келісімі
бойынша және, сомасы 740 млн.теңге, "Позитивбанк" АҚ 15.12.11 жылғы
#1-11/008-040 Банк қарызы туралы келісім-шарты бойынша.
Сондай-ақ, 2012 жылдың 30 қазанында Корпорация "КазАгро"
Холдинг" акционерлік қоғамымен жасалған, сомасы 11 788 898 943 теңге,
2012 жылдың 30 қаңтарындағы # 10 Заем туралы келісім-шарты бойынша
заем сомасын ұлғайту туралы қосымша келісім-шартын жасасқаны туралы
хабарлайды Келісім-шарт бойынша заемнің жалпы сомасы
50 788 898 943 теңгені құрады.
[2012-11-09]