АНОНС: 14-15 қарашада Алматыда «Эмитенттердің қазақстандық форумы» жыл сайынғы конференциясы өтеді

09.11.12 12:18
/KASE, 09.11.12, 02.11.12 жаңалығын қайталау/ – 2012 жылдың 14-15 қарашасында Алматы қаласында қаржы нарығы мен капитал нарығын дамытудың өзекті мәселелері бойынша ашық диалог алаңына айналатын "Эмитенттердің қазақстандық форумы" атты жыл сайынғы бесінші конференция өтеді. Конференция "Intercontinental Almaty" отелінде, Қазақстан қаржыгерлер ассоциациясының қолдауымен өтеді. "Қазақстан қор биржасы" АҚ және "Самұрық - Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ және "Атамекен" Одағы ақпараттық қолдау көрсетеді. Форумға қатысуға осы сала министрліктерінің басшылары мен қаржы нарығын реттеушілер, экономиканың нақты секторы компанияларының өкілдері, "Самұрық - Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, қаржы нарығына кәсіби қатысушылар, корпоративтік құқық саласындағы жетекші бизнес- кеңесшілер мен заңгерлер, кәсіби және қоғамдың бизнес- қауымдастықтарының өкілдері шақырылды. Іс-шара бағдарламасында төмендегі мәселелер бойынша пленарлық секциялар, ашық пікірталастар мен тұсаукесер өтеді: 1. Халықтық IPO: сабақтар мен болашағы. Эмитенттер, инфрақұрылым, заң. 2. Қазақстандағы бағалы қағаздарды реттеуді дамыту үрдістері. Реттеуші көзқарасы. 3. Бағалы қағаздар нарығын жүйелі тәуекелдерді азайту арқылы реттеуді либерализациялау. 4. Капитал нарығын халықаралық интеграциялау. ТМД аясындағы перспективалар. 5. Бағалы қағаздар инфрақұрылымын дамыту. Табысты бизнес технологиясы. 6. Тәуекелді азайту заңдылығы: Қазақстанның қор нарығын сапалы дамытудың жаңа жолдары. 7. Қазақстандағы товарлық және қор алаңдарын дамыту перспективалары. Қосымша ақпарат алу үшін: Бейсенова Ирина, тел./факс: (727) 266 74 46, e-mail: irina@wfin.kz Шиповалова Марина, тел.: (727) 334 00 18, e-mail: info@wfin.kz Конференцияға қатысушыларды www.wfin.kz сайтында тіркеуге болады. [2012-11-09]