"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың тоғыз айындағы қызмет қорытындылары туралы хабарлады

09.11.12 10:22
/KASE, 09.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), 2012 жылдың 09 қарашасында ұсынған баспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді: цитата басы «Еуразиялық банк» АҚ аудиттелмеген және шоғырландырылмаған есептілікке сәйкес 2012 жылдың өткен 9 айы үшін өз қызметінің қорытындыларын ұсынды. Банк бірнеше ай қатарынан барлық басты көрсеткіштер бойынша табысты даму жолын жалғастыруда, бұл Банкті қаржылық тұрақты және әмбебап банк институты ретінде сипаттайды. 2012 жылдың 9 айы үшін Пайда және шығындар туралы есептің негізгі көрсеткіштер серпіні келесі түрде: - Таза пайда 6,3 млрд теңгені құрады, ол өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі таза пайдадан 54,9% артық; - Таза пайыздық кіріс 42,8%, яғни 14,8 млрд теңге деңгейіне дейін өсті; - Таза пайыздық маржа (NIM) ағымдағы жылы 6,8% құрап, 30,8% ұлғайды; - Капиталдың тиімділігі (ROAE) 22,8% құрады цитата соңы Осы баспасөз-релиздің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_091112_kz.pdf мекен- жайы бойынша; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_091112.pdf мекен-жайы бойынша; - ағылшын тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/EUBN/eubn_reliz_091112_eng.pdf мекен- жайы бойынша танысуға болады. [2012-11-09]