EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (ENRC, Біріккен Корольдік) компаниясы "Эксперт-100-Қазақстан" IV экономикалық форумында "Тұрақты дамуға талпынысы үшін" номинациясында жеңімпаз атанғаны туралы хабарлады

08.11.12 15:28
/KASE, 08.11.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (Лондон) компаниясы 2012 жылдың 08 қарашасында жолдаған баспасөз- релизінде былай деп мәлімдеді: ENRC "Эксперт-100-Қазақстан" рейтингінің "Тұрақты дамуға талпынысы үшін" номинациясында жеңімпаз атанғаны туралы хабарлайды Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен өткен, "Эксперт-100-Қазақстан" IV экономикалық форумында "Эксперт-100- Қазақстан" рейтингі жеңімпазының куәлігін ENRC PLC Бас атқарушы директоры Феликс Вулис алды. Үкімет басшысы айтқандай, қарқынды индустриялық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, ең басты - инновацияларды және жаңа технологияларды енгізу бөлігінде, бизнестің белсенді қатысуысыз мүмкін емес. Табиғи ресурстардың еуразиялық корпорациясының осы саладаға көшбасшы болу сөзсіз. ... ENRC – күнделікті өз қызметінде тұрақты дамудың принциптерін енгізіп отыратын, Қазақстандағы алғашқы кен-металлургиялық компаниялардың бірі болып табылады. 2012 жылы компания Тұрақты даму бойынша расталған бірінші есебін жариялап, өзінің тиімді, қауіпсіз және тұрақты қызметке талпынысын дәлелдеді. Қосымша ақпараттар алу үшін хабарласыңыз: ENRC Қазақстан, Астана қ. Корпоративтік коммуникациялар департаменті т/ф. +7 (7172) 59 21 52 press@kz.enrc.com [2012-11-08]