"Bank RBK" Банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің жарғылық капиталын 14,5 млрд теңгеге дейін арттырғаны туралы хабарлады

07.11.12 17:26
/KASE, 07.11.12/ – Жай акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Банк "Bank RBK" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған 2012 жылдың 07 қарашасындағы баспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді: "Bank RBK" АҚ өзінің сомасы 5 млрд теңге жай акцияларын орналастыру есебінен, жарғылық капиталын 14,5 млрд теңгеге арттырғаны туралы хабарлайды. Капиталды арттыру банкке бизнесті дамыту бойынша алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге, атап айтқанда, отандық кіші және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. ... 2012 жылдың 06 қарашасындағы жағдай бойынша "Bank RBK" АҚ активтері 80.9 млрд. теңгені құрады, үстіміздегі жылдың басынан бастап 108% артты. Ссудалық портфель – 56.8 млрд. теңге немесе есептік кезеңнің басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 262%-ға артқан. Меншікті капиталы – 15.2 млрд. теңгені құрады. Анықтама үшін: "BankRBK" АҚ Баспасөз қызметі Тел.: +7(727) 330-90-30, вн. 1518 abdugali_a@bankrbk.kz www.bankrbk.kz [2012-11-07]