"Қазақстан Даму Банкі" АҚ өзінің XS0570541317, US25159XAA19 (BRKZe6) халықаралық облигациялары кері сатып алып, сомасы $1 млрд дейін еурооблигациялар шығаруды көздеді

07.11.12 17:04
/KASE, 07.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана), биржаға жолдаған ресми хатында " Банктің Директорлар кеңесінің 2012 жылдың қазанындағы шешіміне сәйкес, Банктің, айналыста болу мерзімі 5 жыл, (ISIN код – XS0570541317, ISIN код 144А – US25159XAA19) жартылай кері сатып алып, кейіннен сомасы 1 млрд АҚШ долларына дейін, айналыста болу мерзімі 10 жыл, жаңа еурооблигацияларын шығару арқылы Банктің міндеттемелерін арттыру көзделді. Осы шығарылым 2012 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланды" деп мәлімдеді. [2012-11-07]