"Halyk Finance" АҚ 16 қараша күні жоспарланған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ халықаралық облигацияларын орналастыру шегінде жаһандық инвесторлармен кездесулер сериясы өткізілетіні туралы хабарлады

07.11.12 15:03
/KASE, 07.11.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын, "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Finance" АҚ), биржаға жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ АҚШ, АВСТРАЛИЯ, КАНАДА НЕМЕСЕ ЖАПОНИЯ АУМАҚТАРЫНДА КӨПШІЛІККЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН. Moody's агенттігінен Baa3 (болжамы "тұрақты") рейтингі, S&P агенттігінен BBB+ (болжамы "тұрақты") рейтингі және Fitch агенттігінен BBB- (болжамы "позитивті") рейтингі берілген, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ J.P. Morgan, VTB Capital және "Halyk Finance" АҚ, 2012 жылдың 16 қарашасында басталатын, кірісі тиянақталған қаржы құралдарына жаһандық инвесторлармен кездесулер сериясының ұйымдастырушылар етіп тағайындады. Осы кездесулердің нәтижесі "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамының, S Қағидасы / 144А Ережесіне сәйкес шығарылатын, нарықтық жағдайларға қарай және, айналыстағы Банктің кейбір Еурооблигацияларын үшінші тараппен кері сатып алуы бойынша 2012 жылдың 05 қарашасында жарияланған, тендерлік ұсынысын табысты өткізумен қатар, халықаралық облигацияларын орналастыру болуы тиіс". Бұл хабарландыру бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу бойынша ұсыныс болып табылмайды. Бұл бағалы қағаздар, осындай ұсыныс, немесе сатуға келісім немесе сату заңсыз деп танылатын кез келген мемлекетте, осындай мемлекеттің немесе елдің бағалы қағаздар туралы заңына сәйкес тіркелмейінше немесе рұқсат етілуінің талаптарына сәйкес болмайынша, сатуға ұсынылмайды. Осы хабарландыруда аталған бағалы қағздар, 1933 жылғы "Бағалы қағаздар туралы" АҚШ Заңына ("Бағалы қағаздар туралы" АҚШ Заңы) сәйкес тіркелмеген және тіркелмейді, және АҚШ-та немесе АҚШ аумағында тіркеусіз немесе "Бағалы қағаздар туралы" АҚШ Заңына сәйкес тіркеу туралы талаптардан қолданыстағы босатусыз тұратын тұлғаларға, ұсынылуы және сатылуы мүмкін емес. Ұлыбритания аумағында осы хабарландыру тек, 2000 жылғы "Қаржылық қызметтер мен нарықтар" Заңының 19(5) бабында (Қаржылық жірдемдесу) 2005 жылғы Қаулысының ("тиісті тұлғалар") анықталған, инвестициялық қызметтегі кәсіби тәжірибесі бар тұлғаларға ғана арналады. Инвестициялар және инвестициялық қызметке жататын бұл хабарландыру тек тиісті тұлғаларға қатынасты, ал осы хабарландыруды алған, бірақ тиісті тұлға болып табылмайтын, тұлғалар осы хабарландыруға сәйкес әрекет етпеуі немесе оның мазмұнына жүгінбеуі тиіс. [2012-11-07]