12 ҚАРАША КҮНІ БИРЖАДА "ЭКСИМБАНК ҚАЗАҚСТАН" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZP03Y07C299 (KZ2C00000719, EXBNB3) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ҚАЙТА ӨТКІЗІЛЕДІ

07.11.12 11:32
/KASE, 01.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2012 жылдың 12 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде "Эксимбанк Қазақстан" АҚ (Астана) KZP03Y07C299 (KZ2C00000719, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, EXBNb3; 100 теңге, 10,0 млрд теңге; 13.07.08 – 13.07.15, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 8,00 % құбылмалы жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық қайта өткізіледі. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушы ретінде шығарылым андеррайтері "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) шығады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZP03Y07C299 облигациясының (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 45,0 %) 45 000 000 данасын құрайды Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – EXBNb3. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны лот санына тең болуы тиіс. Лот көлемі – 1 000 облигация Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген лоттар санынан шыға отырып, бағалы қағаздардың теңгемен жиынтық атаулы құны көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – өтінім бағасына тең немесе сатушы үшін пайдалырақ болатын қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/EXBN/exbnf9b3_2009.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-11-07]