Қазақстан қор биржасында 06 қараша күні болып өткен " СевКазЭнерго" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2C0Y10D695 (KZ2C00001519, SKENb1) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар іске аспады деп жарияланды

06.11.12 18:25
/KASE, 04.05.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "СевКазЭнерго" АҚ (Алматы). KZ2C0Y10D695 (KZ2C00001519, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, SKENb1; 100 теңге, 8,0 млрд теңге; 10.01.10 - 10.01.20, жылдық 12,50 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Эмитент сауда-саттықта 30 000 000 (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санынан 37,5 %) KZ2C0Y10D695 облигацияларын орналастыруды жоспарлаған. Сауда-саттық заты ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы қолданылады. Орналастыруға қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен Алматы уақытымен (ALT) сағат 11:30-дан 15:00- ге дейін берілді. Сауда-саттықта тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алуға өтінімдерді қанағаттандыру әдісі – кесімді бағаға тең, өтінім бағасымен немесе сатушыға ең ұтымды бағамен. Есептесу сызбасы – Т+0. Сауда-саттыққа бес KASE мүшесі қатысып, 5 157 000 облигация сатып алуға жеті өтінім берді. Өтінім беру кезеңі аяқталар сәтінде белсенді болып қалған, үш өтінім берген, екі KASE мүшесі қатысты. Осылайша, сауда- саттық барысындағы сұраным ұсынымнан 17,2 % құрады. Берілген белсенді өтінімдердің "таза" бағалары 112,5554 % (жылдық 10,0 %), олардың орташа сараланған мәні 110,9567 % (сатып алушы үшін өтеуіне жылдық 10,3 %) құрады. Қалыптасқан баға эмитент үшін қанағаттанарсыз болғандықтан, осы арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар іске аспады деп мойындалып, жарияланды. [2012-11-06]