АНОНС: 08-09 қарашада Алматыда бірінші GRC қазақстандық форумы болып өтеді
06.11.12 17:06
/KASE, 06.11.12/ – 2012 жылдың 08-09 қарашасында Алматы қ. бірінші
GRC қазақстандық форумы (Governance, Risk Management and
Compliance) болып өтеді, осы жиын комплаенс функциясын жетілдіру
мәселелеріне, корпоративтік басқару принциптеріне және тәйекелдерді
басқару және тәуекел менеджментіне, сондай-ақ бизнес жүргізудің этикалық
стандарттарын көтеру, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және жемқорлық
тәуекелін төмендету мәселелеріне арналады.
Іс-шараның ұйымдастырушысы, Forbes Kazakhstan, Ernst and Young
Kazakhstan, Moomkin.kz қолдауымен, Compliance Consulting ЖШС
болып табылады.
Өткізу орны – Рахат Палас Алматы отелі.
Тіркеліп, қосымша ақпараттар алуды Compliance Consulting компании на
сайты – compliance.kz жүзеге асырылады, сондай-ақ форумның
координаторы Нұргүл Қайсеноваға тел.: +7 (727) 295 43 13, +7 701 999 71 82
арқылы, электрондық поштасы: kaissenova@compliance.kz
хабарласуларыңызға болады.
[2012-11-06]