"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ "BusinessNewEurope" басылымының пікірі бойынша Қазақстандағы ең үздік банк болып мойындалды

06.11.12 16:57
/KASE, 06.11.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банк" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 06 қарашасында жолдаған баспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (бұдан әрі – Банк) "BusinessNewEurope" халықаралық басылымында жарияланған, "Eurasian Bank Survey 2012" (Еуразия банктеріне шолу 2012) арнайы зерттеуінің қорытындысы бойынша, "Best Local Bank: Kazakhstan" номинациясында ең үздік болып атанды. "Eurasian Bank Survey 2012" (Еуразия банктеріне шолу 2012) зерттеуінде көрсетілгендей, 2012 жыл, жалғасып келе жатқан Еуропадағы белгісіздікке қарамастан, халықаралық инвесторлар үшін дамып келе жатқан нарыққа қызығушылығын және оның маңыздылығын анықтады. Басылымда Еуразиялық аймақтағы 200 банктің рейтингтері жарияланып, олардың активтерінің динамикалары ескерілген. Халық банк ТМД елдерінің 200 банктерінің арасында 16 жайғасымға иелене отырып, қарқынды өсу динамикасын дәлелдеген ең үздік қазақстандық банк деп атанды. ... "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Баспасөз қызметі тел. 259 08 16, www.halykbank.kz [2012-11-06]