06 ҚАРАШАДАН 05 ЖЕЛТОҚСАНҒА ДЕЙІН БИРЖАДА "ХАЛЫҚТЫҚ IPO" БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕГІНДЕ "КАЗТРАНСОЙЛ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KZTO) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

06.11.12 13:48
/KASE, 06.11.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) "Халықтық IPO" бағдарламасы шегінде KASE сауда-саттық жүйесінде 2012 жылдың 06 қарашасынан 05 желтоқсанына дейін "КазТрансОйл" АҚ (Астана) KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE ресми тізімі,бірінші санат, KZTO) жай акцияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүзеге асырылатыны туралы хабарлайды. Аталмыш акцияларға жазылым жүргізуде сатушы ретінде "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" еншілес ұйымы) (Алматы, бұдан әрі – Сатушы) болып шығады. Орналастырылатын акциялардың саны – 38 463 559 дана. Бір акцияның бағасы (сатушының немесе эмитенттің қалауы бойынша) – 725 теңге. Жазылым шегінде өтінімдерді қабылдау жабық тәсілмен жұмыс күндері Алматы уақытымен (ALT) сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі. Жазылым жүргізудегі бағалы қағаздың коды – KZTO. Берілген өтінімдердегі сатып алушылар үшін акциялардың максималды санына шектеу қойылмайды. Биржа қабылдаған өтінімдердің тізілімін Сатушыға ұсыну датасы – 2012 жылдың 06 желтоқсаны. Биржаға қанағаттандырылғанөтінімдер тізілімін ұсыну датасы – 2012 жылдың 10 желтоқсаны. Жазылым нәтижелері бойынша есеп айырысуды бастау датасы – 2012 жылдың 10 желтоқсаны. Жазылымға қатысуға жіберіледі: 1) Сатушы ретінде маркет-мейкер; 2) жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары; 3) жинақтаушы зейнетақы қорлары – Қазақстан Республикасының резиденттері (өтінімдер, тек зейнетақылық активтерге арналған, шоттардан берілуі тиіс). Инвесторлардың өзге санаттары жазылымға қатысуға жіберілмейді. Жазылымға қатысуға өтінімдерін жеке тұлғалар тек KASE қор нарығының мүшелері арқылы бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Осы жазылымды жүргізу шарттарына сәйкес, аталмыш акцияларының эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпараттардың тізіміне мынадай мәліметтер кіреді: 1) тегі, аты, бар болса – әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы; 2) СТН және / немесе ЖСН; 3) Резиденттігінің белгісі; 4) жеке тұлғаның куәлігінің деректемелері / заңды тұлғаның тіркеуін растайтын құжаттың деректемелері (тұрпаты, нөмірі, берілген күні және құжатты берген органы); 5) мекен-жайы. Сатушының жауапты қызметкерінің байланыс телефондары – Тасмағамбетов Дәурен Болатұлы, тел.: +7 (727) 244 65 63, +7 (727) 244 65 05, +7 702 777 1160, факсы: +7 (727) 244 65 06; электрондық поштасы: Dauren@kazks.kz KASE жауапты қызметкерлерінің байланыс телефондары биржаның сайтында http://www.kase.kz/ru/page/ipo мекен-жайы бойынша жарияланған ("Байланыс" бөлімі). Акцияларға жазылым жүргізудің ережелері KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Төменде, Биржаға Сатушы ұсынған, осы жазылым шегіндегі "КазТрансОйл" АҚ жай акцияларын бөлу тәртібі берілген. "КазТрансОйл" АҚ жай акцияларын бөлудің осы тәртібі жазылымға қатысушылар арасында "КазТрансОйл" АҚ (бұдан әрі – Компания) жай акцияларын бөлуде инвесторлардың түрлі топтары арасындағы кезектілік пен приоритеттерді анықтайды. 1. Осы Тәртіпте қолданылған, анықтаулар: - Компания акциялары бойынша маркет-мейкер – биржамен маркет- мейкер ретінде мойындалған және Компания алдында Компанияның акцияларын сатып алуға және сатуға баға белгілеулерді жариялау және қолдау бойынша өзіне міндеттеме алған, сондай-ақ Компаниямен жасалған келісім-шарттың негізінде осындай мәртебеден туындайтын, барлық міндеттемелерін орындайтын, биржа мүшесі; - бөлшек инвесторлар – Қазақстан Республикасының азаматтары; - институттық инвесторлар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, жинақтаушы зейнетақы қорлары. 2. Инвестициялау сомасы бойынша шектеулер: 2.1Компания акциялары бойынша маркет-мейкер үшін – қайталдама нарықта өтімділікті қолдау мақсатында өтінімге сәйкес; 2.2бөлшек инвесторлар үшін – өтінімдер шектеусіз қабылданады. Бөлшек инвесторлардың өтінімдерін қанағаттандыру осы Тәртіптің 3 бөліміне сәйкес жүзеге асырылады; 2.3институттық инвесторлар үшін – осы Тәртіптің 3 бөліміне сәйкес шектеусіз жүзеге асырылады. 3. Бастапқы орналастыру кезінде Компания акцияларын инвесторлардың түрлі топтары арасында бөлу тәртібі: 3.1Компания акциялары бойынша маркет-мейкердің өтінімі бірінші кезекте қанағаттандырылады. 3.2Компания акциялары бойынша бөлшек инвесторлардың өтінімдері 7 000 000 (жеті миллион) теңге шегінде толық қанағаттандырылады. 3.3Егер бөлшек инвесторлар тарапынан, Тәртіптің 3.2 тармағын ескере отырып, өтінімдердің жиынтық сомасы орналастырылатын акциялардың жалпы көлемінен асатын болса (Компания акциялары бойынша маркет-мейкердің өтінімін алып тастағанда) өтінімді қанағаттандырудың максималды сомасының көлемі келесідей тәртіпте төмендетіледі: а) Төмендету өтінімдерді қанағаттандырудың 7 000 000 (жеті миллион) теңгеге тең максималды сомасынан басталады; б) Төмендету қадамы, акция бағасына тең, соманы құрайды; в) Төмендету сұраным көлемі мен Компанияның орналастырылатын акцияларының көлемі (пропорциялы) теңдестірілгенге дейін жүзеге асырылады. 3.4Тәртіптің 3.1-3.2 тармақтарын ескере отырып, бөлшек инвесторлардың сұранымысыз қалған акциялардың көлемі, институттық инвесторлар арасында, олардың берген өтінімдеріне сәйкес, орналастырылады. 3.5Егер институттық инвесторлар тарапынан сұранымның жиынтық көлемі орналастырылатын акциялардың көлемінен асса (Компания акциялары бойынша маркет-мейкердің өтінімін және бөлшек инвесторлардың өтінімдерін алып тастағанда), институттық инвесторлардың өтінімдерінің көлемдеріне сәйкес пропорциялы түрде қанағаттандырылады. 3.6Тәртіптің 3.1-3.5 тармақтарын ескере отырып, инвесторлардың сұранымысыз қалған Компания акцияларының көлемі 7 000 000 (жеті миллионов) теңгеден асатын өтінімдер берген бөлшек инвесторлар арасында келесідей тәртіпте бөлінеді: 3.6.1акциялардың қалған көлемі жиынтық сұраным көлемінен асатын жағдайда, барлық өтінімдер толық көлемде қанағаттандырылады 3.6.2.егер акциялардың қалған көлемі жиынтық сұраным көлемінен кем болған жағдайда, өтінімдер 7 000 000 (жеті миллионов) теңгеден асатын көлемдерге пропорциялы түрде қанағаттандырылады. 3.7Тәртіптің 3.1-3.6 тармақтарын ескере отырып, инвесторлардың сұранымысыз қалған, Компания акцияларының көлемі ұйымдастырылған нарықта, "Халықтық IPO " Бағдарламасы шегінде орналастыру датасынан бастап кемінде 6 (алты) айдан кейін, заңнамада белгіленген тәртіпте орналастырылады. 4. Компания акцияларын бөлу ерекшеліктері. Компания акцияларынолардың бастапқы орналастыруы барысында инвесторлардың түрлі топтары арасында бөлген кезде жазылым кезеңінде өтінім беру мерзімі ескерілмейді. Осы хабарламаны дайындаған кезде KASE тек "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) ұсынған материалдарды ғана пайдаланды. [2012-11-06]