"Казахстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы" АҚ KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KZENb1) облигациялары 06 қарашадан бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

06.11.12 12:39
/KASE, 06.11.12/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қазанындағы шешімімен "Казахстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, 100 теңге,15,0 млрд теңге; 06.11.12 – 06.11.15; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, бірінші айналым жылына жылдық 5,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: Листингтік комиссияның бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағы 2) тармақшасындағы шарттарды орындауына байланысты, 2012 жылдың 06 қарашасынан бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың қаржылық кеңесшісі және өкілі "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталған облигацияларды ұстаушылардың өкілдері "ЦентрКредит Банкі" еншілес ұйымы АҚ - "BCC Invest" АҚ (Алматы). "Казахстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) Ұлттық компаниясы" АҚ тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш жай облигацияларға KZENb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/satc мекен-жайы бойынша 06 қарашада жарияланады. [2012-11-06]