Zhaikmunai International B.V. Компаниясы тендерді мерзімінен бұрын жабу күні USN97708AA49, US98951QAA31 (ZHMNe1) облигацияларын кері сатып алу бойынша "Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) тендердің нәтижесі туралы хабарлады

02.11.12 17:36
/KASE, 02.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" (Орал), 2012 жылғы 02 қарашада баспасөз хабарламасын ұсынды: 2012 жылғы 19 қазандағы Zhaikmunai L.P.еншілес компаниясы болып табылатын Zhaikmunai International B.V. ("Оферент") (Лондон қор биржасындағы тикері - ZKM), Қазақстанның солтүстік-батысында активтері бар мұнай-газ өндіруші және өңдеуші кәсіпорын "Жайықмұнай" ЖШС ("Эмитент") шығарған өтеу мерзімі 2015 жылға дейін және купондық сыйақысы 10,50% ("Облигациялар") облигацияларды ақшалай есептесу арқылы сатып алу арқылы тендер өткізуді ("Тендерлік ұсыным") бастау туралы хабарлады. Тендерлік ұсыным 2012 жылдың 19 қазанындағы облигацияларды сатып алу жөніндегі ұсыныста айтылған шарттар негізінде әзірленген. Оферент тендерді мерзімінен бұрын жабу күні яғни, 2012 жылдың 1 қарашасында Нью-Йорк уақытымен сағат 17:00 - де номиналдық құны 348 млн. АҚШ доллары облигациясына тендер жарияланған. Тендердің соңғы мерзімі өтіп кетуіне байланысты 2012 жылдың 01 қарашасында Нью-Йорк уақытымен сағат 17:00 - де алып алу мерзімі өтіп кетті. Облигациялар тендер мерзімінен бұрын жабылған күнге дейін қайтарылмайды. Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_021112.pdf; - ағылшын тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/ZHMN/zhmn_reliz_021112_en.pdf мекен- жайларда танысуға болады. [2012-11-02]