ҚҰБ ҚҚК "АТФБанк" АҚ (Қазақстан) акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп берушілігін бекітті

02.11.12 11:56
/KASE, 24.09.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АТФБанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 15 қазандағы хабарламасының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес: - ҚҰБ ҚҚК банк акцияларын орналастыру туралы есеп берушілігін бекітті; - шығарылым 473 000 000 000 жай акцияларға бөлінді; - банк акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3597 нөмірімен енгізілді; - 2012 жылдың 07 қыркүйектегі жағдай бойынша банктің 45 294 733 жай акциялары орналастырылды, жарғылық капитал 168 170 444 000 теңге көлемінде құрастырылды. Аталмыш акцияларды орналастыру туралы есеп берушілігі KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/ATFB/atfb_razm1c_151012.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-11-02]