"Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесі 10,0 млрд теңгеге купондық облигациялар шығару туралы шешім қабылдады

02.11.12 10:46
/KASE, 02.11.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банк" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 01 қарашасында баспасөз хабарламасын ұсынды, онда мынандай мәліметтер берген: цитата басы "Еуразиялық банк" АҚ 2012 жылдың 29 қазанында Директорлар кеңесі Банктің атаулы купондық субординацияланған қамтамасыз етілмеген облигацияларын шығару туралы шешім қабылдағанын хабарлайды. Банктің атаулы купондық субординацияланған қамтамасыз етілмеген облигацияларын шығару көлемі 10 000 000 000 (он миллиард) теңге, атаулы құны 100 (жүз) теңге, айналым мерзімі 7 жыл. Шығарылған облигацияларының айналымы Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген күннен басталады. "Еуразиялық банк"АҚ баспасөз хабарламасы тел. +7 (727) 259 95 99 (вн.3288) Inna.Dubrovina@eubank.kz www.eubank.kz цитата соңы [2012-11-02]