01 қарашадан бастап "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасынан KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстырылды

01.11.12 17:42
/KASE, 01.11.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесі 2012 жылдың 31 қазанындағы Листингілік комиссиясының "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28; инфляция деңгейі бойынша индекстелген жылдық купон, жылдық 5,45 %; 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыру негіздемелерін болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін бекітті. Листингтік комиссиияның аталған шешімі 2012 жылдың 01 қарашасынан бастап күшіне енді. Аталған облигациялар 2006 жылдың 07 тамызынан бастап KASE ресми тізімінің "А" санатына енгізілді. Олармен сауда-саттық 2006 жылдың 23 тамызында басталды. Биржаның 2012 жылдың 30 қарашасындағы " Листингілік комиссиясының 30 қазандағы "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1;) облигацияларын KASE ресми тізімінің "буферлік санат" санатына ауыстыру негіздемелерін болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімі " атты KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/news/show/1177572 мекен-жайынан танысуға болады. [2012-11-01]