"Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы АҚ (Қазақстан) 50,0 млрд теңгеге ірі мәмілелер жасауды және мүдделі мәмілелер жасауды көздеп отырғандығы туралы хабарлады

01.11.12 15:07
/KASE, 01.11.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Amanat Insurance" сақтандыру компаниясы АҚ (Алматы), биржаға 49 969 016 258 (қырық тоғыз миллиард тоғыз жүз алпыс тоғыз миллион он алты мың екі жүз елу сегіз) теңгеге сақтандыру бойынша ірі мәмілелер жасауды, сондай-ақ әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін еркін сақтандыру шарты мен Қоғамның үлестес тұлғаларымен әуе көлігін еркін сақтандыру шартын жасауды көздеп отырғандығын ресми хатпен хабарлады". [2012-11-01]