"Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) 31 қазанда өзінің 4,2 млрд KZP03Y07E089 (KZ2C00001824, TSBNb13) облигациясын биржада жылдық 9,5% орналастырды

31.10.12 18:12
/KASE, 31.10.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZP03Y07E089 (KZ2C00001824, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb13; 1 тенге, 6,0 млрд тенге; 02.08.12 – 02.08.19;; жарты жылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті. Аталмыш облигациялар шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2011 жылдың 10 тамызында жалпы 100,0 млрд теңге сомасына биржада листинг процедурасынан өткен, аталмыш эмитенттің "ішкі" облигацияларының 13-ші шығарылымы болып табылады. Эмитент сауда-саттықта KZP01Y07E089 4 199 010 000 облигациясын орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған облигацияларының жалпы санының 70 %). Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы" (жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды. Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – кесімді баға бойынша. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE 3 мүшесі қатысты, олар 6 өтінім берді, солардың ішінде 4 199 010 000 облигация сатып алуға берілген 4 өтінімді беру кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша, сауда- саттықтағы сұраныс ұсыныспен сәйкес келді. Берілген өтінімдердегі "таза баға" 92,6219 % (жылдық 9,5000 %) және 92,6224 % (жылдық 9,4999 %) құрады, орташа сараланған мәні 92,5997 % (сатып алушы өтеуіне жылдық 9,5048 %).тең болды. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 91,7 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесіне, 8,3 % тиді. Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны 92,6219% деңгейінде бекітті, бұл облигациялардың сатып алушының өтеуіне жылдық 9,5000 % көлемінде сәйкес келеді. Осы баға бойынша 4 199 010 000 облигацияны орналастырып, барлық белсенді өтінімді қанағаттандырды. Осы орайда тартылған сома 3 971 316 961,58 теңгені құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалды. [2012-10-31]