"САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ-НЫҢ БІР ЖАЙ АКЦИЯСЫНЫҢ ҚҰНЫ БЕЛГІЛЕНДІ

31.10.12 14:59
/"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ ақпараттық-талдау порталы – http://sk.kz, 29.10.12/ – Бүгін, «Самұрық-Қазына» Директорлар кеңесінің отырысында, «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша қор нарығына шығатын алғашқы компания «Қазтрансойл» АҚ-ның жай акцияларын орналастыру, бағасы мен саны, құрылымы мәселелері қаралды. Директорлар кеңесі отырысының нәтижелеріне сәйкес «Қазтрансойл» АҚ-ның бір жай акциясының құны 725 теңге болып белгіленді. Акция құны компанияны бағалаған UBS және «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ халықаралық компаниялары кеңесшілерінің ұсыныстарын ескере отырып, бекітілді. Нарыққа шығатын акциялар саны компаниядағы жалпы жай акциялардың 10 %-ы және бір акциясы кем, яғни 38 463 559 жай акциялар деңгейінде мақұлданды. «Қазтрансойл» АҚ-ның акцияларын орналастырудың бекітілген құрылымына сәйкес, акцияларды сату мен сатып алу тиімділігін қолдау мақсатында, бірінші кезекте маркет-мейкерлердің сұранысын қанағаттандыру көзделген. Инвесторлардың арасында жекелеген инвесторларға –Қазақстан Республикасының азаматтарына, содан кейін ғана Ұлттық зейнетақы қорларына басымдық берілетін болады. «Қазтрансойл» АҚ акцияларын орналастыру аясында жекелеген инвесторларға қолжетімді акция саны шектеулі –жекелеген инвесторлардың өтініштері толықтай 7 миллион теңге көлемін қамтиды.Сонымен қатар, егер сұраныс ұсыныстан асып жатса, құрылым өтініштерді пропорционалды түрде қарастырады. IPO басталу мерзімі«Қазтрансойл» АҚ-ның 2012 жылғы 1 тоқсандағы қаржылық есебінің нәтижесін есепке ала отырып, мына график бойынша мақұлданды: – Өтініштер кітабын ашу – 2012 жылғы 6 қарашаға дейін; – Өтініштер кітабын жабу – 2012 жылғы 5 желтоқсанға дейін; – Есеп жүргізу – 2012жылғы 14 желтоқсанға дейін. «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі мақұлдаған акциялардың саны мен бағасын ескере отырып, «Қазтрансойл» АҚ-ның орналастырылатын акциялары 28 млрд. тенгені ($186 млн.) құрайтын болады. Анықтама: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Үкіметі тарапынан «Самұрық-Қазына» АҚ-на серіктес және тәуелді компаниялардың акцияларын бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы жасалған болатын. «ХалықтықIPO» бағдарламасы 2015 жылға дейін есептелген және ірі әрі тұрақты мемлекеттік компаниялардың акцияларын кезең-кезеңімен қор нарығына шығаруды көздейді.Алғашқы болып, 2012 жылы, «Қазтрансойл» АҚ шығады. 2013 жылдан бастап IPO-ға «KEGOC»АҚ, «Air Astana» АҚ, «НМСК «Казмортрансфлот» АҚ, «Самрук-Энерго»АҚ және «КазТрансГаз» АҚ шығады. 2014-2015 жылдарыIPO-ны «НК «Казақстан темiр жолы» АҚ, «Казтеміртранс» АҚ, «Казатомпром» АҚ, «КазМунайГаз» АҚ өткізеді. «ХалықтықIPO» бағдарламасы аясында акцияларды сатып алу құқын Қазақстан Республикасының азаматтары ғана, сондай-ақ, олардың мүддесіңн қорғайтын қазақстандық зейнетақы жинақ қорлары ғана иелене алады. [2012-10-31]