"Казахстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, KZENb1) облигациялары "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

31.10.12 11:26
/KASE, 31.10.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қазандағы шешімімен "Казахстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) (Астана) KZP01Y03E322 (KZ2C00001865, 100 теңге, 15,0 млрд теңге; 3 жыл, жылдық 5,00 % жартыжылдық купон, 30/360 облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін датасы туралы, аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. Казахстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) жалпы сомасы 30,0 млрд теңге аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығын бақылау және қадағалау комитетінің 2012 жылдың 19 қазанында тіркеген алғашқы облигациялық бағдарламасы аясындағы KASE листинг процедурасынан өткен аталған эмитенттің "ішкі" облигацияларының бірінші шығарылымы болып табылады. "Казахстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) қаржылық кеңесшісі "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы "BCC Invest АҚ (Алматы) болып табылады. "Казахстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) тіркеушісі "Бағалы қағаздарды тіркеу жүйесі" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың қысқаша атауы (сауда коды) KZENb1. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады. [2012-10-31]