/ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ/ 31 ҚАЗАН КҮНІ БИРЖАДА МЕУЖКАМ-96 ТӨРТІНШІ ШЫҒАРЫЛЫМЫН (KZKAKY080042) ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕДІ

30.10.12 19:30
/KASE, 30.10.12, МЕУЖКАМ осы шығарылымы Пропорциялық қанағаттандыру тізіміне енгізілгені туралы ақпаратпен толықтырылды/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 31 қазанында KASE сауда- саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелері (МЕУЖКАМ) бойынша төменде берілген шарттар бойынша арнайы мамандандырылған сауда- саттық өткізіледі (Алматы уақытымен). ---------------------------------------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУЖКАМ-96 Ұлттық сәйкестендіру нөмірі: KZKAKY080042 Шығарылымның реттік саны: 4 / 96 KASE сауда-саттық коды: MUJ096_0004 Атаулы құны, теңге: 1 000,00 Төлеу датасы: 31.10.12 Айналысқа жіберу датасы: 31.10.12 Айналыста болудың соңғы күні: 30.10.20 Өтеу датасы: 31.10.20 Айналыста болу мерзімі: 8 жыл (2 /880 күн) Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет* Купондық төлемдер кестесі: 1 07.11.13 2 07.11.14 3 06.11.15 4 07.11.16 5 07.11.17 6 07.11.18 7 07.11.19 8 06.11.20 Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ --------------------------------- Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 60 000,0 Сауда-саттық заты: тиянақталған купон Сауда-саттық заты бойынша ерекше шарттар: нөлге тең немесе одан аз болмауы тиіс Бағалы қағаздар бойынша ерекше шарттар: Пропорциялық қанағаттандыру тізіміне енгізілді Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 70 Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінім қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Төлеу уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға (мөлшерлеме) бойынша ---------------------------------------------------------------------------------- *айналыста болған толық 12 күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде. МЕУЖКАМ-ға салынған ақшаның индексациясы орналастыру кезінде анықталған тиянақталған купонды өткен купондық кезеңдегі инфляция индексіне көбейтуден алынған индекстелінген купонды есептеу арқылы жүзеге асырылады. Өтінімде баға ретінде тиянақталған купонның мәні облигацияның атаулы құнынан, екінші ондық таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетіліп, жылдық пайызбен беріледі. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық заты болып табылады. МЕУЖКАМ, Қазақстан Республикасы зейнетақы жинақтаушы қорлары арасында орналастырылатын, мемлекеттік облигациялар болып табылады. МЕУЖКАМ айналыста болу мерзімінің ортасына дейін тек осы инвесторлар категориясы арасында ғана айналыста бола алады. Бұдан әрі олар нарықта еркін айналысқа жіберіледі. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді тек бастапқы дилерлер ретінде әрекет ететін KASE қор нарығының мүшелері ғана бере алады. Инвесторлар өз өтінімдерін осы заңды тұлғалар арқылы бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Респубикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің шығарылым, орналастыру, айналыста болу, олар бойынша қызмет көрсету және өтелу ережелері http://www.kase.kz/files/mix/newgko.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелердің орналастыру ережелері http://www.kase.kz/files/normative_base/mekam_placement_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-10-30]