"Қазақстан Даму банкі" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

30.10.12 12:20
/KASE, 30.10.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму банкі" АҚ (Астана, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C47810011 жай акцияларының жалпы саны 2 119 519 дана; - банктің 2 069 520 акциясы орналастырылған; - банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға сәйкесінше жалғыз акционері "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры" болып табылады. [2012-10-30]