/ҚАЙТАЛАУ/ 31 ҚАЗАН КҮНІ БИРЖАДА "ЦЕСНАБАНК" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) KZP03Y07E089 (KZ2C00001824, TSBNB13) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША АРНАЙЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН САУДА-САТТЫҒЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

30.10.12 09:52
/KASE,30.10.12. - 23.10.12 жаңалықты қайталау/ – 2012 жылдың 31 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZP03Y07E089 (KZ2C00001824, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb13; 1 теңге, 6,0 млрд теңге; 02.08.12 – 02.08.19, жылдық 8,00 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2011 жылдың 10 тамызында тіркеген, жалпы сомасы 100,0 млрд теңге, "Цеснабанк" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының аясындағы бірінші шығарылымы болып табылады, және аталмыш эмитенттің биржаға листинг процедурасынан өткен "ішкі" облигацияларының он үшінші шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы "CAIFC INVESTMENT GROUP" АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі 4 199 010 000 KZP02Y07E089 облигация (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 70,0 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – TSBNb13. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған мүддені ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін пайдалырақ болатын өтінімдердің бағалары бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbnf7b13_2012.pdfмекен-жайы бойынша танысуға болады. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2012-10-30]