АНОНС: KASE 01 ҚАРАШАДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ДЕРИВАТИВ НАРЫҒЫ БОЙЫНША СЕМИНАР-САБАҚ ӨТКІЗЕДІ

29.10.12 18:31
/KASE, 29.10.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 01 қарашасында алматы уақытымен сағат 15:00-де дериватив нарығы бойынша семинар-сабақ өткізеді. Өтетін орны – Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК, солтүстік ғимарат, 8-ші қабаттағы KASE мәжіліс залы. Семинар аясында тыңдаушылар биржада іске қосуды көздеп отырған қаржы құралдарымен жұмыс істеу, сондай-ақ аталған құралдармен жұмыс істеуде түрлі инвестициялық стратегияны пайдаланудың түрлі мүмкіндіктерімен толық танысады. Семинарда қаржы нарығының аталған секторында пайдаланатын түрлі стратегияны қалай іске асыру қажет екендігі нақты мысалдармен және көрнекі тәжірибе түрде көрсетіледі. Іс-шараға қатысуға отандық нарықтың еркін қаржы құралдарын дамытуға мүдделі бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өкілдері ғана шақырылады. Семинарға қатысу үшін қатысушы туралы ақпарат (тегі, аты-жөні, байланыс телефондары) жазылған өтінішті clearing@kase.kz. электрондық мекен- жайына жіберу керек. Орындар шектеулі. [2012-10-29]