29 қазанда "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ биржадан өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигацияларын жылдық 9,9 % қайта сатып алды
29.10.12 18:03
/KASE, 29.10.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық
жүйесінде "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672
(KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингтік бағалаусыз борыштық
құнды қағаздар" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге; 30,0 млрд теңге; 02.08.05 –
02.08.28, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жылдық купон,
ағымдағы купондық кезеңге жылдық 5,45 %; 30/360) инфрақұрылымдық
облигацияларын қайта сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған
сауда-саттық өткізілді.
Сауда-саттықта эмитент 3 890 000 KZ2CKY23B672 облигацияларын (осы
шығарылымның орналастырылған облигацияларының 13,0%) қайта
сатып алуды көздеген.
Облигациялардың бағалы қағаздың номиналды құнынан үтірден кейңн
төртінші таңбаға дейін дәл, пайызбен көрсетілген "таза" бағасы
(жинақталған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттық заты болды. Қайта
сатып алуға қатысу туралы өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытының
(ALT) 11:30-дан 13:00-ге дейін берілді. Сату туралы өтінімдерді
қанағаттандыру тәсілі – шектелімді қарсы өтінімдердің кесімді бағаға
тең және сатып алушы үшін мейлінше тиімді бағалары бойынша.
Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Есептесу схемасы –
Т+0.
Сауда-саттыққа 24 өтінім берген KASE жеті мүшесі қатысты, олардың
ішінде өтінімідер беру кезеңінің аяқталу сәтіне 6 499 560 облигацияны
сату туралы 15 ордер белсенді күйінде қалды. Осылайша, сауда-
саттықтағы ұсыныс сұраныстан 167,1 құрады. Берілген өтінімдердегі "таза
бағалар" 65,0000 % (жылдық 9,9 %) бастап 85,000 % (жылдық 7 %) дейін
ауытқыды, сөйтіп орташа сараланған мәні 78,2536 % (сатып алушының
өтеуіне жылдық 7,9 %) құрады.
Белсенді өтінімдердің жалпы көлемі зейнетақы нарығының субъектілерінің
үлесіне тиді.
Сауда-саттық нәтижесі бойынша эмитент кесімді бағаны 65,0000 %
деңгейінде бекітті, бұл сатып алушының өтеуіне қарай облигациялардың
кірістілігіне жылдық 9,9 % мөлшерінде сәйкес келеді, осылайша
1 000 000 облигацияны қайта сатып алды. Қайта сатып алу сомасы
663 170 833,33 теңгені құрады.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректері
бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалған.
[2012-10-15]