"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша 7-ші купонын толеу бойынша қарызын жартылай өтегені туралы хабарлады

25.10.12 17:11
/KASE, 25.10.2012/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы), биржаға жолдаған ресми хатында өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, DTJLb1; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, есептік кезеңде жылдық 8,75 %, 30/360) инфрақұрылымдық облигациялары бойынша жетінші купонын толеу бойынша қарызын жартылай өтегені туралы хабарлады Аталмыш хатта "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ былай деп мәлімдеді: "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (бұдан әрі – "ДТЖ" АҚ) 2012 жылдың 20 қазанында "АТФБанк" АҚ төлем агенті арқылы облигация ұстаушылардың барлығына 7-ші купондық кезеңге есептелген сыйақының 2% көлемінде қалған сыйақысын төледі. 2012 жылдың 23 қазанында #2015/6260 хатпен "АТФБанк" АҚ 2012 жылдың 23 қазанда "ДТЖ" АҚ облигацияларын ұстаушыларына 77 548 248,74 теңге көлемінде сыйақы төлегені туралы хабарлады. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына сәйкес "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ жетінші купондық сыйақыны 2012 жылдың 01 тамызынан 14 тамызына дейінгі уақыт аралығында төлеуі тиіс болған. Осы тақырыпта бұдан бұрын мынадай KASE жаңалықтары жарияланған: - 2012 жылдың 29 қыркүйекте "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша 7-ші купондық сыйақысын жартылай төлегені туралы хабарлады" – http://www.kase.kz/news/show/1172720 - 2012 жылдың 16 тамызда "АТФБанк" АҚ "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигациялары бойынша 7-ші купондық сыйақысын төлеу үшін ақша қаражаты жетсіпейтіні туралы хабарлады – http://www.kase.kz/news/show/1170111 KASE еске салады: егер алынған хабарламалар мен құжаттар KASE мүшелері мен бағалы қағаздардың эмитенттері KASE алдында ақпарттарды ашу бойынша міндеттерін орындау шегінде ұсынылған болса, KASE өзінің "Биржалық ақпараттарды тарату" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және, биржада айналысқа жіберілген, бағалы қағаздардың эмитенттері туралы жарияланатын жалпы ақпараттың растығына жауапты болмайды. Осы ақпартты өндірген кезде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпараттың жалғандығын ашуды көздеген тұлға, Биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс. [2012-10-25]