KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Королдігі) "Анненская" шахтасының 81-ші учаскесіндегі жұмыстың тоқтап тұрғандығы туралы хабарлады

25.10.12 15:56
/KASE, 25.10.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон), , биржаға 2012 жылдың 25 қазандағы баспасөз хабарламасын ұсынды, онда былай деп мәлімдейді: цитата басы Шығыс-Қазақстан кенішіндегі «Аннеская» шахтасының 81-ші өндіру учаскесінде жүргізілген тиісті тексерулердің барысында (радарлы интерферометрия) Аннеск ауданының өндіріс кеңістігінде жердің жоғарғы қабатының қозғалысы анықталған. Осыған байланысты Жезқазғантүстімет» басшылығы аталмыш учаскеде өндіру және жер асты жұмыстарын жүргізуге тыйым салды. Жердің жоғарғы қабатының қозғалысы осындай ықтимал қозғалысты бақылауға арналған тұрақты түрде жұмыс істейтін жерсеріктік жүйенің көмегімен анықталған. Бұл уческедегі жұмыстар сол аудандағы геомеханикалық жағдай тұрақталғаннан кейін ғана қайта жанданады. «Аталмыш ауданда қалыптасқан геомеханикалық ахуалға байланысты жоғарыда сөз болған учаскеде тау-кен жұмыстарын жүргізуді және кеншілердің жұмысын уақытша тоқтату жөніндегі шешім қабылданды. Біз үшін бастысы – ықтимал қауіптің алдын алу, кеншілеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 81-ші учаскеде барлығы 50 адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда олардың барлығы «Жезқазғантүстімет» ӨБ-нің Степной және Батыс- Жезқазған кеніштеріне ауыстырылды. Олардың лауазымында, еңбек өтілінде және жалақы мөлшерінде еш өзгеріс болмайды», - деп атап өтті Шығыс-Жезқазған кенішінің директоры Серік Айтмұханов. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласыңыз: Қазақмыс Мақсұт Жапабаев - Алматыдағы Корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Тел: +7 727 244 03 53 Гүлшат Жайназарова БАҚ-пен байланыс жөніндегі аға менеджері (Алматы) Тел: +7 727 244 03 53 Алина Жұмашева Жезқазған өңірі бойынша БАҚ-пен байланыс жөніндегі менеджері тел: +7 710 274 11 16 цитата соңы [2012-10-25]