KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Біріккен Королдігі) 2012 жылдың үшінші тоқсанына өндірістік сеп берушілігін ұсынды

25.10.12 15:46
/KASE, 25.10.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) KAZAKHMYS PLС Компаниясы (Лондон), , биржаға 2012 жылдың 25 қазандағы баспасөз хабарламасын ұсынды, онда былай деп мәлімдейді: цитата басы - Өндіріс көлемі 285 тоннадан 295 тоннаға дейінгі мөлшерде катодты мыс өндірісінің жоспарлы жылдық көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік береді - 2012 жылдың үшінші тоқсанында меншікті концентраттан катодты мыс өндірісі 12 пайызға артып, 2012 жылдың 2 тоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда 78,5 мың тоннаға дейін өсті. Меншікті концентраттан катодты мыс өндірісті 2012 жылдың 9 айы ішінде 225,4 мың тоннаны құрады. - Өндіріліп шығарылған кеннен руданы және металды өндіру көлемі 2011 жылдың көрсеткіштерінен артуы жалғасып келеді - Қоңырат кенішін пайдалануға беру ісі сәтті аяқталды. - Қосарлы өнімдер өндірісінің көлемі барлық металдар бойынша жылдық жоспарлы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік беретін деңгейде сақталып отыр - 2012 жылдың 9 айы ішінде концентраттағы мырыш өндірісі 112 мың тоннаны құрады - Қымбат металдар зауытындағы жөндеу жұмыстарының аяқталуы арқасында күміс пен алтын өндірісі қалпына келіп, 2012 жылдың 9 айы ішінде тиісінше 9 004 және 89,9 мың унцияны құрады цитата соңы осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында қазақ тілінде http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_251012_k.pdf - орыс тілінде http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_251012.pdf; - ағылшын тілінде http://www.kase.kz/files/emitters/GB_KZMS/gb_kzms_reliz_251012_e.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2012-10-25]