ҚҰБ ҚҚК "Баян Сұлу" АҚ (Қазақстан) акциялары 2012 жылдың 03 сәуірінен 02 қазанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді назарға алды

24.10.12 17:44
/KASE, 24.10.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Баян Сұлу" АҚ (Қостанай) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 15 қазандағы хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес ҚҚК "2012 жылдың 03 сәуірінен 02 қазанына дейінгі кезеңде "Баян Сұлу" АҚ акцияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҚК ақпаратына сәйкес, 2012 жылдың 02 қазанындағы жағдай бойынша "Баян Сұлу" АҚ 55 340 000 жай акциясы орналастырылмаған. [2012-10-24]