"Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" АҚ "AsiaCredit Bank" (Азия Банк Кредит) акционерлік қоғамының (Қазақстан) жаңа тіркеушісі болды

24.10.12 16:36
/KASE, 24.10.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "AsiaCredit Bank" АҚ (Алматы), биржаға 2012 жылдың 22 қазанында "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" акционерлік қоғамымен өзінің бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізбесі жүйесін жүргізу қызметін көрсетуге келісімшарт жасағандығы туралы мәлімдеді. [2012-10-24]