Zhaikmunai International B.V. компаниясы "Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) барлық USN97708AA49, US98951QAA31 (ZHMNe1) облигацияларын кері сатып алуға тендер жариялайды

22.10.12 11:21
/KASE, 22.10.12/ – "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2012 жылдың 19 қазанында жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: Қазақстан – 2012 ж. 19 қазан. Zhaikmunai L.P. (Лондондық Қор Биржасындағы тикері: ZKM) еншілес компаниясы боылп табылатын, Zhaikmunai International B.V. ("Оферент"), солтүстік-батыс Қазақстанда активтері бар, мұнайгаз барлау және өндіру кәсіпорны бүгін "Жайықмұнай" ЖШС ("Эмитент"), өтелу мерзімі 2015 ж., купондық сыйақысының мөлшері 10,50%, барлық облигацияларын ("Облигацялар") ақшалау есеп айырысу арқылы кері сатып алу ("Кері саып алу бойынша ұсыныс") бойынша тендер ("Тендерлік ұсыныс") өткізудің басталуы туралы хабарлайды. Тендерлік ұсыныс облигацияларды кері сатып алу бойынша ұсынысқа сәйкес әзірленген, бұнда осы Тендерлік ұсыныстың шарттары толық сипатталған. Осы баспасөз-релиздегі берілген анықтамалар Кері сатып алу бойынша ұсыныстағы мәнімен дәлме-дәл болуы тиіс. Сондай-ақ Офференет, АҚШ долларымен номинацияланған, Zhaikmunai L.P. жәнет оның барлық, Оференттен басқа, еншілес компанияларының кепілдемесі бар, өзінің жаңа облигацияларын ("Жаңа облигациялар") шығару арқылы қосымша қаржыландыру көздерін тартуды көздегені туралы жариялайды. Тендерлік ұсыныстың және Жаңа облигацияларды шығарудың мақсаты заемдік капитал нарығындағы қалыптасқан жағымды жағдайын және қарызы өтеу мерзімдерінің ұзартылуын пайдалану болып табылады. Тендерлік ұсыныс Нью-Йорк уақытымен 2012 жылдың 19 қарашасы күні сағат 17.00-ге дейін қолданыста болады, егер осы уақыт пен дата ертерек немесе кейінірек уақыт пен датаға ауыстырылмаса, (осындай уақыт пен даталар, мүмкін болатын өзгертулерді ескеріп, "Тендердің жабылу датасы"). Тендерлік ұсыныстың шарттарын, сонымен қосып, бірақ тек онымен шектелмей, Жаңа қаржыландыру шарттарын орындағанда немесе Оферент оларды орындаудан бас тартуы кезінде, тиісті түрде өзінің облигацияларын тендерде керіп сатып алуға ұсынатын (және оларды тиісті түрде кері қайтарып алмаса), Облигацияларды Ұстаушылары Нью-Йорк уақытымен 2012 ж. 17.00-ге дейін егер, осы уақыт пен дата ертерек немесе кейінірек уақыт пен датаға ауыстырылмаса, (осындай уақыт пен даталар, мүмкін болатын өзгертулерді ескеріп, "Тендердің мерзімнен бұрын жабылу датасы"), және Облигациялары керіп сатып алуға қабылданғандар, Облигациялар бойынша негізгі қарыздық 1.000 АҚШ долларына 1.097,50 АҚШ доллары көлемінде "Жиынтық сыйақы" алуға құқылы болады. Осы баспасөз-релиздің орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1176858 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-10-22]