ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық банк" АҚ (Қазақстан) KZP02Y07D257 (KZ2C00001220, EUBNb9) облигацияларының орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

19.10.12 17:44
/KASE, 19.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Еуразиялық банкі" АҚ (Алматы), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2012 жылдың 12 қазандағы ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "Еуразиялық банк" АҚ KZP02Y07D257 (KZ2C00001220, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, EUBNb9; 100 теңге, 22,0 млрд теңге, 15.10.08 – 15.10.15; жарты жылдық купон жылдық 13,00 %; 30/360) облигацияларының орналастырылу нәтижелері туралы есебін бекітті. ҚҰБ ҚҚК ескертпе хатына сәйкес аталмыш облигациялардың 2012 жылдың 07 қыркүйегінде 220 000 000 данасы орналастырылды. [2012-10-19]