"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) әлеуметтік жауапкершілік пен тұрақты дамуды басқару процесін қайта құрылымдау көп деңгейлі жобасын жүзеге асыруды бастағандығы туралы хабарлады

19.10.12 15:31
/KASE, 19.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 19 қазанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды. Онда мынандай мәліметтер хабарланған: цитата басы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (КМГ) Әлеуметтік Жауапкершілік пен Тұрақты Дамуды басқару процесін қайта құрылымдау көп деңгейлі жобасын жүзеге асыруды осы сала бойынша қолға алғандардың бірі (ӘЖТД). Жобаны Қазақстан Республикасы ұлттық компанияларда Корпоративті Әлеуметтік Жауапкершілік және Тұрақты Дамуды басқару сапасын арттыру бойынша қоғам қажеттілігінің өсуін есепке ала отырып, компаниялар тобының стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастама көтеріп отыр. Мақсат - қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес басқарудың орталықтандырылған интеграциялық жүйесін енгізу. ӘЖТД басқару саласында халықаралық стандарттарды пайдалану жетекші халықаралық корпорациялардың күнделікті тәжірибесіне айналуда. Қазақстанда халықаралық стандарттарды халықаралық және жеке елдік ІРО-ларға, ұлттық компанияларға, оның ішінде мұнайгаз секторына енетін компаниялар енгізіп жатыр. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасы мұнайгаз компаниялары тәжірибесінде ӘЖТД басқарудың қазіргі заманғы стандарттарын қалыптастырудың жаңа әдістерін енгізу бойынша белсенді позиция ұстанады. Жоба аясында Қазақстанда бірінші рет мынадай міндеттер жүзеге асырылуда: ұлттық мұнайгаз холдингінің ӘЖТД орталықтандырылған интеграциялық басқару жүйесін құру, ӘЖТД басқарудың халықаралық стандарттарын жүйелі түрде енгізу, қаржылық емес есеп беру, аудит, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес жауапты қызметкерлердің біліктілігін көтеру процесін ұйымдастыру. цитата басы Осы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_191012_k.pdf - мекен- жайы бойынша; - орыс тілінде - http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_191012.pdf - мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-10-19]