"RG Brands" АҚ (Қазақстан) KZPC2Y05B988 (KZ2C00001451, RGBRb5) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
19.10.12 10:46
/KASE, 19.10.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың
19 қазанынан бастап "RG Brands" АҚ (Алматы) KZPC2Y05B988
(KZ2C00001451, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық
бағалы қағаздар" санаты, RGBRb5; 1 теңге, 1,5 млрд теңге; 19.10.07 –
19.10.12; жарты жылдық купон жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларының
айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылды деп хабарлайды.
Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2007 жылдың 09 тамызынан
бастап "А" санаты бойынша енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап
KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар"
санатының бірінші санатшасына, ал 2009 жылдың 29 маусымынан бастап
KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар"
санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2007 жылдың
23 қазанында ашылған.
Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың
сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған
мәмілелер бойынша) жылдық 4,00 және 14,00 % аралығында құбылды.
2011 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы
қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі
бойынша 134-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,06 %) және
корпоративтік облигациялардың осыған ұқсас рейтингінде 111-ші
жайғасымға иеленді (0,10 %).
[2012-10-19]