KASE таңертеңгілік сессиясы: KASE: USDKZT_TOD = 150,26 (-0,15) EURKZT_TOD = 197,00

18.10.12 11:40
/KASE, 18.10.12/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен АҚШ доллары бойынша (USDKZT_ TOD) және есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) және АҚШ долларымен еуро бойынша (EURUSD_TOD) таңертеңгілік ессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттық сессиясына KASE валюта нарығының 23 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 150,26 (-015 теңге) теңгені, ал сауда-саттық көлемі – 188 400 мың. USD +81 650 мың. USD) құрады. Есептесуі T+0 теңгемен еуроның орташа сараланған бағамы бір евроға 197,00, сауда-саттық көлемі – 200 мың евроны құрады. Есептесуі T+0 АҚШ долларымен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне баға белгілеулер тіркелген жоқ. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді. [2012-10-18]