/KASE, 17.10.12/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың
29 қазанында KASE сауда-саттық жүйесінде "Досжан темір жолы
(ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі,
"Рейтингтік бағасы жоқ борышты бағалы қағаздар" санатының екінші
санатшасы, DTJLb1; 1 000 теңге; 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28,
инфляция деңгейі бойынша индекстелген жылдық купон, ағымдағы
купондық кезеңге жылдық 5,45 %; 30/360) инфрақұрылымдық
облигацияларын қайта сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған
сауда-саттық өткізіледі деп хабарлайды.
KZ2CKY23B672 инфрақұрылымдық облигацияларының қайта сатып
алуға жарияланған көлемі 3 890 000 инфрақұрылымдық облигация
(осы шығарылымның орналастырылған облигацияларының жалпы
санының 13,0% құрайды).
Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде
Алматы уақытымен (ALT) 11:30-дан 13:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы
қағаздың сауда-саттықтағы коды – DTJLb1. Сатып алушы кесімді бағаны
сауда-саттық өтетін күннің ALT 16:00-ге дейін анықтайды.
Есептесулерді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өзінің
ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып
алушы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық
бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік есеп-шотында 16:00
ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сатушылар бағалы
қағаздардың "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз есеп-
шоттарында ALT 16:00-де (Т+0) болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен
берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады.
Өтінімдегі баға ретінде үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл
беріліп, бағалы қағаздың номиналды бағасына пайыздық қатынаста
көрсетілген облигциялардың "таза" бағасы (жинақталған сыйақысын
ескермегенде) белгіленуі тиіс.
Өтінімдегі қаржы құралдарының саны облигациялардың санына тең болуы
тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір
облигацияның "таза емес" бағасына көбейтіндісі (жинақталған сыйақыны
ескере отырып) көрсетіледі. Мәміле көлемі
http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекенжайы бойынша
жарияланған, Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын
мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес
есептеледі.
Сату өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағасына тең
шектелімді қарсы өтінімдердің бағалары бойынша немесе сатып
алушы үшін тиімдірек болатын баға бойынша.
Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер
бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере
алады.
KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі
http://www.kase.kz/ru/membership мекенжайы бойынша жарияланған.
Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен
http://www.kase.kz/files/emitters/DTJL/dtjlf9b1_2006.pdf мекенжайы бойынша
танысуға болады.
[2012-10-17]