«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қазандағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

16.10.12 17:36
/KASE, 16.10.12/ / – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚАҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қазандағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ(Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C51460018, KZ000A0KEZQ2 жай акцияларының жалпы саны 70 220 935 дана, артықшылықты акциялары KZ1P51460114, KZ000A0RMTC3 – 4 136 107 дана; - компанияның барлық акциялары орналастырылған; - компания 127 723 жай акциялары мен 2 073 276; артықшылықты акцияларды сатып алды. - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға меншігінде компанияның 43 087 006 жай акциялары бар (компанияның орналастырылған акциясының жалпы санынан 57,95 % немесе компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 61,36 % «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ (Астана) болып табылады. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (Алматы) мәліметтері бойынша аталған күні меншік иелерінің 26 589 331 жай акциялары туралы ақпарат толық ашылмаған. [2012-10-16]