2011 жылдың 15 қазанында "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ KASE KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигацияларын жылдық 9,9 % қайта сатып алды

15.10.12 17:53
/KASE, 15.10.12/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, KASE ресми тізімі, "Рейтингтік бағалаусыз борыштық құнды қағаздар" санаты, DTJLb1; 1 000 теңге; 30,0 млрд теңге; 02.08.05 – 02.08.28, инфляция деңгейі бойынша индекстелген жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 5,45 %; 30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын қайта сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Сауда-саттықта эмитент 4 140 000 KZ2CKY23B672 инфрақұрылымдық облигацияларын (осы шығарылымның орналастырылған облигацияларының 14,0%) қайта сатып алуды көздеген. Облигациялардың бағалы қағаздың номиналды құнынан үтірден кейңн төртінші таңбаға дейін дәл, пайызбен көрсетілген "таза" бағасы (жинақталған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттық заты болды. Қайта сатып алуға қатысу туралы өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытының (ALT) 11:30-дан 13:00-ге дейін берілді. Сату туралы өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі – шектелімді қарсы өтінімдердің кесімді бағаға тең және сатып алушы үшін мейлінше тиімді бағалары бойынша. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Есептесу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа 24 өтінім берген KASE жеті мүшесі қатысты, олардың ішінде өтінімідер беру кезеңінің аяқталу сәтіне 15 921 380 облигацияны сату туралы 15 ордер белсенді күйінде қалды. Осылайша, сауда- саттықтағы ұсыныс сұраныстан 3,8 есе артық болды. Берілген өтінімдердегі "таза бағалар" 65,0000 % (жылдық 9,9 %) бастап 127,8835 % (жылдық 3,2 %) дейін ауытқыды, сөйтіп орташа сараланған мәні 88,9722 % (сатып алушының өтеуіне жылдық 6,6 %) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 94,3 % зейнетақы нарығының субъектілерінің үлесі болды, брокерлік-дилерлік компаниялардың үлесі – 2,3 %, брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесі – 3,4 %. Сауда-саттық нәтижесі бойынша эмитент кесімді бағаны 65,0000 % деңгейінде бекітті, бұл сатып алушының өтеуіне қарай облигациялардың кірістілігіне жылдық 9,9 % мөлшерінде сәйкес келеді, осылайша 362 820 облигацияны қайта сатып алды. Қайта сатып алу сомасы 239 842 664,92 теңгені құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтіне барлық мәмілелер орындалған. Облигациялардың барлық көлемі брокерлік-дилерлік компаниялардың клиенттері арқылы сатылды. [2012-10-15]