"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Түркияның Экспорттық-кредиттің банкімен өзара түсінушілік меморандумына қол қойғаны туралы хабарлады

15.10.12 14:23
/KASE, 15.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 15 қазанында жолдаған баспасөз-релизінде былай деп мәлімдеді: цитата басы Стамбұл қаласында Қазақстан республикасы Президенті мен Түркия премьер-министрі қатысуымен өткізілген бизнес-форум шеңберінде «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ) және «Түркияның Экспорттық- кредиттік Банкі» АҚ (Түркия Эксимбанкі) құны 250 млн АҚШ доллар құрайтын Өзара түсінушілік меморандумына (Меморандум) қол қойды. ҚДБ тарапынан Меморандумға басқарма төрағасының орынбасары Жасұлан Мәдиев, Түркия Эксимбанкі тарапынан – Бас менеджер міндеттерінің орындаушы Месут Гюрсой мырза қол қойды. Аталған несиелік желіні ашу ҚДБ үшін инфрақұрылым және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асырылып жатқан түркиялық құрылымы бар (жабдық, техника және т.б.) инвестициялық жобаларға арналған қаржыны тиімді шарттар негізінде тартуға мүмкіндік береді. Екі тараптың пікірінше, Меморандумның қабылдануы – Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің арасында сауда-экономикалық қатынастарын дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бөлігі. цитата соңы [2012-10-15]