"Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің Басқармасы мен Директорлар кеңесінің құрамы өзгергені туралы хабарлады

12.10.12 17:45
/KASE, 12.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Азық-түліктік келісімшарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдын әрі – корпорация), биржаға жолдаған ресми хатында былай дем мәлімдеді: 2012 жылдың 12 қыркүйегінде Корпорацияның Директорлар кеңесінің мүшесі Бейсенғалиев Берік Тұрсынбекұлы өзінің құрамнан шығарытын туралы хабарландырды. 2012 жылдың 27 қыркүйегінде "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдинг" АҚ Басқармасы отырысында "Азық-түліктік корпорация" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып Айтжанов Дулат Нулиұлы – "ҚазАгро". Холдингі" АҚ Басқармасының Төрағасы сайланды. 2012 жылдың 02 қазанында өткен "Азық-түліктік корпорация" ҰК" АҚ Басқармасының сырттай отырысында Айтжанов Дулат Нулиұлы – "ҚазАгро". Холдингі" АҚ Басқармасының Төрағасы "ҚазАгро". Холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды. 2012 жылдың 27 қыркүйегінде "Қазақстан Халық банкі" акционерлік қоғамымен 2012 жылдың 30 наурызында жасалған # KD 02-12-24 Банктік займ туралы келісім-шартына сәйкес, Корпорация 4,0 мрд. теңге көлеміндегі несиесін толық өтеді, төлеген сыйақысының көлемі 87 833 333,34 теңгені құрады. Сондай-ақ Корпорация бірінші шығарылым НИН KZPC1Y07B929 облигациялары бойынша 4 302 245 мың теңге көлемінде және екінші шығарылым НИН KZP02Y03B920 облигациялары бойынша 3 203 190 мың теңге көлеміне жартылай өтеуді жүзеге асырды. [2012-10-12]