"HOMEBROKER" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

12.10.12 16:19
/KASE, 12.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "HOMEBROKER" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "РЕЕСТР" АҚ (Алматы) болып табылады. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C50820014 жай) акцияларының жалпы саны 630 000 дана; - компанияның 325 310 акциясы орналастырылған - компания өзінің 10 310 жай акциясын кері сатып алды; - компанияның жалғы акционері, яғни, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп көлеміндегі санына иеленген жалғы тұлға "HOMEFINANCE" ЖШС (Алматы) болып табылады. [2012-10-12]