"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Қазақстан) "Халықтық IPO" бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша мәжіліс өткізгені туралы хабарлады

12.10.12 16:12
/"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қор" АҚ 12.09.12, KASE тақырыптамасы/ – 2012 жылдың 1сәуір айында басталған, "Халықтық IPO" бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша ақпараттық-түсніктеме кампаниясы шегінде, ү.ж. 12 қазанында Алматы қаласының активімен, сондай-ақ Алматы облысының аудандық активтерімен Кәскелең және Талғар қалаларында және ү.ж. 11 қазанында Талдықорған облысының Текелі қ. "Халықтық IPO" Бағдарламасын" жүзеге асыру мәселелері бойынша бірқатар мәжілістер өтті. Мәжілісте "Самұрық-Қазына" ҰӘАҚ" АҚ Басқарма Төрағасы К.В.Бишибаев жетекшілік еткен, "Самұрық-Қазына" ҰӘАҚ" АҚ, Экономикалық даму және сауда Министрлігінің және Қазақстан қор биржасының өкілдерінен тұратын делегациясы қатысты. Барлығы ү.ж. қыркүйек-қазан айлары аралығында аймақтық активтермен Қазақстанның облыстары деңгейінде 40-тан астам мәжілістер өткізілді. Бұдан бұрын еліміздің барлық облыс орталықтарында осындай мәжілістер өткізілген. Астаналық сарапшылардың өкілетті тобы қауымның Бағдарлама бойынша сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, кездесулер кезінде "Халықтық IPO" Бағдарламасында тұрғындардыңт қатысу механизмдеріне, Қазақстанның қор нарығының дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетуіне, Қазақстан қор биржасының "Халықтық IPO" Бағдарламасы шегінде іс-шаралар өткізуге дайындығына қатысты сұрақтар талқыланды. Мәжілістер қорытындысы бойынша Астана қ. делегациясы Алматы, Кәскелең, Талғар, Текелі қалаларындағы "Қазпошта" АҚ бөлімшелерін, "Халықтық IPO" Бағдарламасын жүзеге асыру шегінде, олардың тұрғандарға трансфер-агенттік және брокерлік қызметтер көрсетуге дайындығын және жұмыстың тиімділігін арттыруын тексеріп шығу мақсатында аралады. [2012-10-12]