"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

11.10.12 10:50
/KASE, 11.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Қор орталығы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (KZ1C49280015 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 522 150 770 дана; - компанияның 518 157 799 акциясы орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самрұқ-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ (Астана) болып табылады. [2012-10-11]