"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Қазақстан) Ресей және ТМД HR-Директорларының XIII Саммитында "2012 жылдың HR-жобасы" номинациясында 2 орын алғаны туралы хабарлады

10.10.12 17:48
/KASE, 10.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана), биржаға 2012 жылдың 10 қазанында жолдаған баспасөз-релизінде былай деп хабарлады: цитата басы 2012 жылғы 4-5 қазанда Мәскеу қаласында Ресей және ТМД HR- Директорларының XIII Саммиті өтті, оның шеңберінде адам ресурстарын басқару саласындағы жетістіктер үшін Сыйлық табыс ету салтанаты болды. Саммит Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының LBS International Conferences компаниясымен бірлескен эгидасымен өтті. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Салалық кәсіби стандарт әзірлеу» жобасымен «Жылдың HR-жобасы — 2012» номинациясында құрметті 2-орынға ие болды. Номинанттардың тізіміне 25 ірі және орта компаниялар: Сбербанк России, Мегафон, Росатом, РЖД, Сибур, Банк УралСиб, Самұрық-Қазына, ҚазМұнайГаз, Оборонпром және басқалар кірді. ҚМГ жобасы персоналды басқару саласында инновациялық деп танылды. цитата соңы Осы баспасөз-релизтің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_101012_k.pdf мекен- жайы бойынша; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_reliz_101012.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2012-10-10]