"Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

10.10.12 16:31
/KASE, 10.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қарағанды обл., Жәйрем елді-мекені, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанындағы жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Компанияның тіркеушісі "Тіркеуші компаниясы" АҚ (Алматы). Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C13590019 жай акцияларының жалпы саны 3 783 460 дана, артықшылықты KZ1P13590115 акциялар саны – 9 689 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға ENRC N.V. (Амстердам, Нидерландылар Корольдігі), болып табылады, оның иелігінде компанияның 3 787 062 акциясы (компанияның орналыстырылған акцияларының жалпы санынан 99,84 %), соның ішінде компанияның барлық жай және 3 602 артықшылықты акциясы (компанияның орналыстырылған артықшылық акцияларының жалпы санынан 37,18 %) бар. [2012-10-10]