"Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанына үзінді көшірмесін биржаға ұсынды
10.10.12 16:31
/KASE, 10.10.12/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Жәйрем кен-байыту комбинаты" АҚ (Қарағанды
обл., Жәйрем елді-мекені, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің
акционерлерінің тізілім жүйесінің 2012 жылдың 01 қазанындағы жағдайы
бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Компанияның тіркеушісі "Тіркеуші компаниясы" АҚ (Алматы).
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C13590019 жай акцияларының жалпы
саны 3 783 460 дана, артықшылықты KZ1P13590115 акциялар саны –
9 689 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес
және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз
тұлға ENRC N.V. (Амстердам, Нидерландылар Корольдігі), болып
табылады, оның иелігінде компанияның 3 787 062 акциясы
(компанияның орналыстырылған акцияларының жалпы санынан
99,84 %), соның ішінде компанияның барлық жай және
3 602 артықшылықты акциясы (компанияның орналыстырылған
артықшылық акцияларының жалпы санынан 37,18 %) бар.
[2012-10-10]